Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2019 жылы 13 желтоқсанда Павлодар қаласының барлық жалпы білім беру мектептерінде «Дарынды ұрпақ - ел болашағы» атты патриоттық форум өтті. Мақсаты - өз еліне деген құрмет сезімін, қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді, өз болашағы үшін жауапкершілікті қалыптастыру, белсенді, шығармашылық, мақсатты, ізгілікті жастарды тәрбиелеу, танымдық қабілеттерін дамыту. Форум бағдарламасында бірінші сынып оқушыларының қатысуымен мәнерлеп оқу, музыкалық нөмірлер, хореографиялық қойылымдар, флешмоб көрсетілді.
Форумға қала мектептерінің 7000-нан астам бірінші сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның қонақтары қала депутаттары, педагогикалық еңбек ардагерлері, волонтерлер, оқу озаттары, мектептің өзін-өзі басқару белсенділері болды.
Бұл күні Павлодар қаласының № 17 мектебінің патриоттық форумына 300 бірінші сынып оқушылары қатысты. Қалалық мәслихаттың депутаты Деймунд Виктор Георгиевич, педагогикалық еңбек ардагерлері, Ахмарова Сауле Даниярқызы, Жексенова Алтын Берікбайқызы, Чернова Валентина Ивановна шақырылды. Қонақтар өз сөздерінде бірінші сынып оқушыларына өз елінің лайықты азаматы болуға тілек білдірді, бірінші сынып оқушыларының хоры «Қазақстаным менің», «Айналдым елім» патриоттық әндерін орындады. Форум мектептің 60 бірінші сынып оқушыларының қатысуымен «Жайна, Қазақстан» флешмобымен аяқталды.