Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп оқушылары арасында шахматтан блицтурнир
18-12-2019 08:54
Мектеп оқушылары арасында шахматтан блицтурнир

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2019 жылғы 13 - 14 желтоқсанда Павлодар қаласының білім беру бөлімі № 41 ЖОМ-де қала оқушылары арасында шахмат бойынша блицтурнир өткізілді. Мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, дарынды балаларды қолдау, өскелең ұрпақтың өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру. Турнирге қаланың 40 жалпы білім беретін мектептерінен 2 - 8 сынып командасы құрамынан (екі ұл және бір қыз бала) 120 оқушы қатысты.

Жарыстың ережесі бойынша жеке-командалар швейцарлық жүйе бойынша 9 турда өткізілді, әрқайсысына 10 минут уақыттан (қосусыз).

Жеңімпаздар командалық есепте ең көп жинаған ұпайлар бойынша анықталды. Турнир қорытындысы бойынша І орынды № 35 мектеп командасы, құрамында Әміре Қасымжомарт, Қойшыбаева Айдана және Ержан Дилназ, ІІ орынды № 39 мектеп командасы, құрамында Зейнышев Елнұр, Шарияздан Алихан және Есімханова Нурия, III орынды № 29 мектеп командасы иеленді, құрамында Лукьяненко Данил, Есенов Хасан және Шустова Карина.

Жеке есепте жеңімпаздар әр тақта бойынша жинаған ұпай саны, жеке кездесу нәтижелері және жеңістер саны бойынша анықталды.

Бірінші тақтада ұлдар арасында I орынды № 1 мектеп оқушысы Балмағамбетов Тимур, II орынды № 22 мектеп оқушысы Баянтас Асман, III орынды № 11 мектептің оқушысы Рахметулла Алдияр иеленді.

Екінші тақтада № 25 мектептің оқушысы Болат Ернұр І орынды, № 35 мектептің оқушысы Қойшибаева Айдана ІІ орынды, № 10 лицей-мектебінің оқушысы Жакен Мақсат III орынды иеленді.

Қыздар арасында I орынды № 35 мектеп оқушысы Ержан Дилназ, II орынды № 43 мектеп оқушысы Михеева Вера, III орынды № 29 мектеп оқушысы Шустова Карина иеленді. Турнир жеңімпаздары командалар арасында және жеке есепте Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталары мен медальдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Турнир өте көңілді және тату болды, балалар көптеген жаңа достар тапты.

Турнирді өткізуге «Рубиком» ЖШС, жетекшісі Осинская Елена Юрьевна, «Жаңа роса» ЖШС, жетекшісі Жаппарғалиев Болат Елеуұлы көмек көрсетті.