ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Спорт шеберіне үміткер спорттық дәрежесін орындады
18-12-2019 09:48
Спорт шеберіне үміткер спорттық дәрежесін орындады

Павлодар қаласы № 24 ЖОМ-нің 8 сынып оқушысы 2019 жылы Петропавл қаласында өткен муай тайдан Қазақстан чемпионатында Ибрай Томирис спорт шеберіне үміткер спорттық дәрежесін орындады.

Ибрай Томирис муай тай спортымен 4 жыл айналысуда, осы уақыт аралығында қалалық және республикалық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетті. 2017 жылы Павлодар қаласында өткен жасөспірімдер арасында муай тайдан Қазақстан чемпионатында І орын, 2018 жылы Алматы қаласында өткен жасөспірімдер арасында муай тайдан Қазақстан чемпионатында ІІ орын, 2018 жылы Ақтау қаласында өткен жасөспірімдер арасында муай тайдан Қазақстан кубогінде ІІІ орын, 2019 жылы Петропавл қаласы өткен жасөспірімдер арасында муай тайдан Қазақстан чемпионатында ІІ орын иеленді. Ол «Батыр» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, жаттықтырушылары Азамат Жанарбекович Абишев,  Дамир Равилевич Фатхутдинов.

Мектепте Томиристің оқу үлгерімі жақсы, интеллектуалдық деңгейі жоғары, оқу бағдарламалары мен оқу пәндерін жеңіл меңгереді. Бос уақытында көркем әдебиет оқығанды ұнатады. Болашақта өзін спортқа арнауды жоспарлауда.