![Иван Щеповтың жүзу бойынша кезекті жетістігі](/media/img/blogs/5dfaece4aea0b.jpg)
Павлодар қаласының № 41 ЖОМ 8 сынып оқушысы Щепов Иван тірек-қимыл аппараты, көру және интеллекті бұзылған спортшылар арасында Омбы қаласында жүзуден өткен ашық чемпионатта 100% нәтиже көрсетіп, жеке рекордтарды жаңартты. Бұл жарыста ол 8 медаль жеңіп алды.
Ұлдар арасында І орын (2) брассада 100 м және кешенді жүзуде 200 м, ІІ орын (3) - 100, 400 және 800 м еркін стильде алды. Ересектер арасында II орын (2) кешенді жүзуде 200 м және еркін стильде 400 м және брассада 100 м. ІІІ орын алды.
Иван, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, № 1 балалар жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады, жаттықтырушы, спорт шеберіне үміткер, Қазақстан чемпионатының жүлдегері, Морозов Артем Александрович. Иван 7 жастан жүзумен айналысады, 10 жастан республикалық және халықаралық жарыстарға қатысады, республикалық жарыстардың 4 дүркін жеңімпазы және жүлдегері, халықаралық жарыстардың 3 дүркін жеңімпазы, 40 алтын, 15 күміс, 3 қола медаль иегері.