ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Шаңғымен бағдарлау бойынша республикалық чемпионатқа қатысу
04-03-2020 09:10
Шаңғымен бағдарлау бойынша республикалық чемпионатқа қатысу

Шаңғы бағдарлаудан республикалық чемпионатқа Алматы, Орал қалаларынан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарынан, Тараз мемлекеттік университетінен 11 - 20 жас аралығындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының 87 тәрбиеленушілері, оның ішінде Павлодар қаласының Балалар - жасөспірімдер экология және туризм орталығының 5 тәрбиеленушісі қатысты. Жарыс «Спринт», «Орта», «Ұзын», «Эстафета» қашықтықтарында өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша павлодарлық барлық қатысушылар 2 қашықтықта 5 - 7 орын алды. «Спринт» қашықтығнда V орынды № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Задворов Сергей, № 14 ЖОМ 5 сынып оқушысы Калиакбаров Богдан, VII орынды № 14 ЖОМ 6 сынып оқушысы Комлева Анастасия иеленді.

«Орта» қашықтығында V орынға № 14 ЖОМ 5 сынып оқушысы Қалиакбаров Богдан, VI орынға № 14 ЖОМ 9 сынып оқушысы Терещук Диана ие болды.

Жарыс 2020 жылғы 24 - 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Первомайский кентінде өтті, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті өткізді.