ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық садақшылар ел біріншілігінде қоржынға 4 медаль салды
05-03-2020 09:23
Павлодарлық садақшылар ел біріншілігінде қоржынға 4 медаль салды

Павлодар облысының атынан Теміртау қаласында садақ ату бойынша Қазақстан чемпионатына 17 спортшы қатысты. Ел чемпионаты ересектер, жасөспірімдер және паралимпиадашылар арасында өтті.

Павлодарлықтар 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медальін жеңіп алды. Атап айтқанда, командалық жарыста 2 қатысушы І орынға ие болды, оның ішінде 29 ЖОМ 9 сынып оқушысы Сергей Скляров. 3 қатысушыдан тұрған командалар арасында, оның ішінде № 20 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы Кристина Редькодан құралған команда қола медальға ие болды.

Жарыс жабық кешенде өткізілді. Теміртау қаласында садақ ату бойынша 12-ші рет ел чемпионаты өтуде. Айта кету керек, садақ ату бойынша Қазақстан чемпионатына Қазақстанның 8 аймағынан 200 спортшы қатысты.