ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Ардагер-ұстаздарды марапаттау
05-03-2020 16:13
Ардагер-ұстаздарды марапаттау

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында білім беру бөлімінің, қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесінің бастамасымен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің ардагерлерімен дәстүрлі кездесу өтті. Бөлім ардагерлерін мектеп директоры С. В. Завальная бастаған Павлодар қаласының № 9 гимназия-мектебінің педагогикалық ұжымы қуана қарсы алды.

Кездесу қонақтарын Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы С. О. Айтказина, қалалық кәсіподақ кеңесінің төрайымы С. Ш. Сеитова қарсы алды. Олар ардагерлерге өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, қаланың білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыстарын білдіріп, келе жатқан мерекемен құттықтады.

Мереке қонақтары үшін мектеп оқушылары мен педагогтарының күшімен жарқын мерекелік бағдарлама дайындалды, әндер шырқалды, конкурстар өткізілді. Ардагерлер жылы және қуанышты қабылдаулары, көңілдері мен қамқорлықтары үшін алғыстарын білдірді.