Облыстық «Акбозат - 2020» шахматтар турниріне облыс қалалары мен аудандарынан 15 команда қатысты (3 ұл, 1 қыз). Жарыстар 2 жас топтарында өтті: 2 - 7 сынып оқушылары мен 8 - 9 сынып оқушылар арасында. Жарыстар Білім басқармасының дене шынықтыру аймақтық оқу-тәжірибелік орталығымен шахматтар Үйінде ұйымдастырылды.
Турнир қорытындылары бойынша Павлодар қаласы № 9 гимназия- мектебінің 2 - 7 сынып оқушылары арасындағы командасы жеңіске жетті. Команда құрамына 6 сынып оқушылары Малыгин Владислав, Шичкин Владимир, Суенова Анастасия, 4 сынып оқушысы Луцик Степан кірді. Жарыстың жеңімпаздары және жүлдегерлері орталықтың медальдарымен, грамоталарымен марапатталды. Турнир жеңімпаздары республикалық турнирге қатысады.
Команда оқушылары мектеп шахмат үйірмесінде қосымша білім педагогі Камила Жанболатқызы Габдушевада және № 3 балалар мен жасөспірімдер мектебінде халықаралық шахматтар спортының шебері Захаров Валентин Степановичта айналысады. Владислав шахматпен 5 жастан айналысады, Чехия халықаралық турнирінің жеңімпазы, Алматы қаласында өткен Қазақстан чемпионатының, Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық турнирдің жүлдегері (2019 жыл). Владимир 2018 жылы облыс әкімінің Кубогі үшін жарыста I орынға ие болды, Астана қаласында өткен республикалық турнирдің жүлдегері. Анастасия 2019 жылы облыс әкімінің Кубогі турнирінде I орынға, Астана қаласында өткен республикалық турнир жүлдегері (2018 жыл), Степан - Астана қаласы республикалық турнирінің жүлдегері (2018 жыл).