ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Облыстық байқауға 155 үздік әдістемелік-дидактикалық құралдар ұсынылады
19-03-2020 09:12
Облыстық байқауға 155 үздік әдістемелік-дидактикалық құралдар ұсынылады

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлерімен 16 оқу пәні бойынша (қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, қрыс тілі мен орыс әдебиеті, шет тілі, математика, қоғамдық пәндер, география, биология, химия, физика, информатика, бастауыш мектеп, дене шынықтыру, өзін-өзі тану, психология, логопедия, қосымша және мектепке дейінгі білім беру) «Үздік әдістемелік- дидактикалық құрал - 2020» қалалық білім беру мекемелері педагогтарының конкурстық жұмыстары зерделенді. Мақсаты - педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, білім беруге ынталандыру, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерді қолдау.

«Үздік әдістемелік-дидактикалық құрал - 2020» байқауына 39 жалпы білім беретін мектептен 260-тан астам жұмыс, қаланың 43 мектепке дейінгі мекемелерінен 76 жұмыс ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша 70 финалист және 85 шығармашылық топ анықталды,олар мамыр айында облыстық байқауға қатысады. Ең көп жүлделі орындарды № 17 (6), № 25 (6), № 34 (5), № 37 (4), № 1, 21, 36 (3) ЖОМ мұғалімдері иеленді.Қалалық конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталады.

Бастауыш сынып мұғалімдері арасында 6 мұғалім, 10 шығармашылық топ, қазақ тілі - 4 финалист және 17 шығармашылық топ, тарих (5 финалист және 7 шығармашылық топ), өзін-өзі тану (2 финалист және 13 шығармашылық топ), шет тілдер (1 финалист және 2 шығармашылық топ), дене шынықтыру (6 финалист және 2 шығармашылық топ), математика (1 финалист және 1 шығармашылық топ), физика (2 финалист және 8 шығармашылық топ), информатика (4 финалист және 5 шығармашылық топ), география (2 шығармашылық топ), биология (4 орыс тілі (1 және 4 шығармашылық топ), психологтар мен логопедтер (5 және 2 шығармашылық топ), қосымша білім беру (1) және мектепке дейінгі мекемелерде 32 жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Байқау материалдарының мазмұнында ізденушілердің әлеуетті мүмкіндіктері ашылды, педагогтардың күнделікті тынымсыз жұмысы көрінеді. Өз зерттеулерінде оқытылатын пәндерге әдістемелік көзқарасты көрсетті. Конкурстық әдістемелік және дидактикалық құралдардың тақырыптары өзекті, ал олардың мазмұны қазіргі талаптарға сай. Конкурсқа ұсынылған құралдар жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде әзірленген, сондай-ақ «Ұлттың 100 қадамы» және инклюзивті білім беру бағдарламасын іске асыруға, білім беру процесіне көптілділікті енгізуге бағытталған ұсыныстар сипатында болады.