Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қала балабақшаларында «Қауіпсіз терезе» акциясы өткізілуде
07-04-2020 17:53
Қала балабақшаларында «Қауіпсіз терезе» акциясы өткізілуде

  Ата-аналарды (заңды өкілдерді) терезеден балалардың құлауы қайғылы жағдайларға әкелу мүмкіндігі туралы ақпараттандыру мақсатында 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Павлодар қаласының 72 балабақшасында «Қауіпсіз терезе» акциясы өткізілуде. Мектепке дейінгі ұйымдарда стендтерде ақпараттық буклеттер, тақырыптық парақшалар мен «Қауіпсіз терезе» брошюралары орналастырылған, тәрбиеленушілер мен ата-аналарға тақырыптық әңгімелер өткізіледі: «Бала бөлмеде - терезені жабыңыз», «Терезеңді қауіпсіз ет», «Ата-аналарға арналған негізгі ережелер», «Баланы терезеден құлаудан қалай қорғау керек», «Балалар армандай алады, бірақ ұша алмайды».

   Баланың қоршаған ортаға деген қызығушылығыоныашықтерезенің алдына шығуға әкеледі.Терезеден құлау балалардың жарақаттануы мен өлімінің көптеген себептерінің бірі болып табылады. Себебі: ашық терезелерге қол жетімділік, бекітілмеген москит торлары, жазғы кезеңде кішкентай балалардың қадағалаусыз қалуы. Үлкендердің қарауынсыз қалған кішкентай бала тіпті бірнеше секундта терезеден құлап, өміріне қауіп төндіретін жарақат алуы мүмкін. Оның себебі - үлкендер тарапынан немқұрайлылық таныту болып табылады.