ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен өткізілетін жұмыстың жеке түрлері
15-04-2020 16:37
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен өткізілетін жұмыстың жеке түрлері

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2020 жылғы 15 сәуірде Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ-да «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды дамыту бағдарламалары мен қызметінің жеке түрлерін қолдану» атты тақырыбында онлайн-конференция өткізді.100-ден астам педагог қатысты, олардың ішінде 44 директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 45 жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімі, №4 мамандандырылған мектеп-интернаттың 3 педагогі, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» филиалы тренерлері мен оқытушылары, Қ. Макпалеев атындағы мектептің тәжірибелі пән мұғалімдері мен психологтары қатысты. Мақсаты - ерекше білім беруді қажет ететін балаларды дамыту бағдарламалары мен жеке қызмет түрлерін қолдану бойынша тәжірибені ұсыну және тарату шеңберінде диалогтық алаң құру.

   Пленарлы бөлікте «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Ауталипова Балкен Жебенқызы, білім беру бөлімінің әдіскері Нұрахметова Шолпан Сәменқызы,№4 мамандандырылған мектеп-интернаттың психологы Бодак Кристина Викторовна сөз сөйледі.Өз сөздерінде олар ерекше білім беруді қажет ететін балаларды табысты әлеуметтік бейімдеу және дамыту үшін қажетті коммуникативтік дағдыларды дамыту және оқытуда жеке тәсілді қолдану қажеттілігіне назар аударды.«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Евсюкова Татьяна Алексеевна білім беру бағдарламаларын бейімдеу және ата-аналармен жұмыс кезінде зияткерлік бұзылыстары бар баланың жеке қажеттіліктерін есепке алу қажеттілігі туралы сұрақтар бойынша әңгімелеп берді.Молдабекова Мадина Серікқызы, Мергалиева Алма Насырқызы, № 4 мектеп-интернат және Қ. Мақпалеев атындағы мектеп мұғалімдері ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қашықтықтан оқыту үшін мультимедиялық бағдарлама құру бойынша әдістемелік ұсыныстармен бөлісті.

   Практикалық бөлімде ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға арналған БЖБ және ТЖБ құру бойынша өлшемдер қарастырылды.Шығармашылық зертханалар шеңберінде Қ. Макпалеев атындағы ЖОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ирина Ивановна Кофтанюк «ҚББ оқушыларымен зерттеу қызметін қалыптастыру», № 4 мектеп-интернаттың мұғалімі Глухова Юлия Сергеевна «Лепбук ООП балаларды оқытудың заманауи құралы ретінде» атты тәжірибелік іс-әрекеттерді, «Тірі ағзалардың көптүрлілігі» - Кулдошина Оксана Алексеевна, жаратылыстану мұғалімі,«Ойындар мен жаттығулар» - Косыгина Инна Владимировна, Утеуова Маххабат Слянбекқызы, Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ психологтары сабақты қашықтық форматы режимінде енгізу бойынша ұсыныстар талқыланды және қабылданды.Бастауыш сынып мұғалімдері мен директорлардың орынбасарларының ерекше білім беруді қажет ететін балаларды дамыту бағдарламалары мен жеке қызмет түрлерін қолдану бойынша конструктивті диалогы өтті. Онлайн-конференцияның материалдары, сабақ әзірлемелері, бағдарламалары, ұсыныстары қала мектептеріне практикада қолдану үшін бағытталды.