ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Облыстың үздік математиктерінің құрамында қала оқушысы
12-05-2020 09:20
Облыстың үздік математиктерінің құрамында қала оқушысы

  6 - 8 сынып оқушылары арасында математика физика, информатика бойынша  XX  ашық қалалық Жаутық олимпиадасының екі тур қорытындысында республика бойынша 152 үздік математиктер анықталды, сонымен қатар Павлодар облысының 14 үздік математиктері.

  III онлайн іріктеу турының 14 павлодарлық қатысушылар қатарына Павлодар қаласының №17 ЖОМ 8 сынып оқушысы Смагин Александр және облыстың дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 13 оқушысы енді. Александр республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасының III орын иегері, жас математиктердің VII аймақтық турнирі (2020 жыл), математика пәні бойынша облыстық,қалалық олимпиада жүлдегері (2019, 2020 жылдар).

 Олимпиада қатысушыларының саны көп болғандықтан маусым айында қосымша III онлайн іріктеу туры өтеді және оның нәтижесі  бойынша жеңімпаздар тамыз айында Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы Республикалық физика-математикалық мектептерде финалдық турға  қатысады. 19 және 26 сәуірде 2 аймақтық турда қатысушылардың ең жақсы нәтижелері ескерілді. Олимпиада мақсаты - математика, физика, информатикамен айналысатын оқушыларды айқындау, ғылымға қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды қолдау.