ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 26 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 26 ГОРОДА ПАВЛОДАРА»
29-05-2020 15:06
«ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 26 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» ММ ГУ «СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 26 ГОРОДА ПАВЛОДАРА»

 Халикова  Айнагуль Иманмаликқызы,

қазақ тілі мен әдебиетмұғалімі.

Қазақ тілі сабағында айтылым дағдыларын

меңгерту жолдары

    Зерттеу жұмысының мақсаты: оқушылардың  орфоэпиялық нормаларын сақтап, сөйлеу дағдысын қалыптастыру, тілдерін дамыту.

Міндеттері:

    оқушыларды айтылым әрекетінің деңгейі бойынша топтастыру; айтылым дағдысын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану;нәтижелерді талдау.

    Зерттеу жұмысының өзектілігі: оқушылардың айтылым әрекетінде меңгерген білімдерін бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына ықпал етуіне жағдай жасау.

Зерттеу әдісі:

- айтылым әрекетін талдау үшін сыныптар арасында сауалнама өткізілді;

- сауалнама нәтижесі жұмыс бағытын анықтауға мүмкіндік берді;

- оқушылардың айтылым әрекетін дамытуда белсенді әдіс-тәсілдер іріктелді.

    Жаңартылған білім мазмұнын меңгерту барысында бағдарлама оқушының   тілдік әрекеттері тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым арқылы жетілдіруге бағытталған. Бұл дағдылар бір-бірімен тығыз байланысқан. Әр дағдыда айтылым дағдысын қолданамыз.

    Сондықтан да «Қазақ тілі сабағында айтылым дағдыларын менгерту жолдары» тақырыбың таңдадым.

     Меніңше, бұл өзекті мәселе. Өзге ұлт өкілдерінің балалары өз ойын дұрыс жеткізе білуге төселдіру үшін бір қатар жұмыстар атқаруымыз керек. Мысалы:

 - тыңдалған мәтін негізінде сұрақтар қоя білу;

- таныс немесе оқушыларға қызықты тақырыптар бойынша анық, түсінікті сөйлеу;

- алдын ала құрастырылған сұрақтар арқылы біреумен сұхбат жүргізу (мысалы, мұғалімнен бір күні жөнінде сұхбат алу) және алынған жауаптар бойынша ауызша есеп беру;

- белгіленген тақырып бойынша пікірталасқа түсу\дәйектеу (мысалы, «Уақытты тиімді пайдаланып жүрміз бе?);

- бір оқиғаны  ым-ишарат қолдану арқылы жұпта немесе топта жазуға дайындалу;

- ауызша айтылғандарды түсіну және соған сәйкес сұрақтарға жауап бере білу;

- берілген тақырыпқа диалог құрастыру;

- экскурсия бойынша күтілетін нәтижені талқылау (мысалы, кітапханаға барғанда алған әсерлері туралы ой бөлісу).

     Бұл ретте, оқушы өзіне берілген сұрақты мұқият тыңдауы керек. Содан кейін, сұрау есімдіктерінің орнына қажетті сөзді ұтымды қоя білуі қажет. Мысалы:

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қазір жылдың қыс мезгілі.

Тақырыптың болашақтылығы

   Сонымен, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша үйрету барысында мынадай болжалды қорытындыға келдім:
1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін тапты.
2. Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап, талқылау (өздері талдайды, бір-бірін тыңдайды, сыйластық орта қалыптасады)
3. Өзіндік қорытыныдылары, оның қаншалықты ғылыми, шындыққа жақын екенін саралайды.
4. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырады.
5. Білім дәрежесі деңгейін саралау /өзіндік анализ, синтез, бағалауының деңгейі қалыптасады/
6. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге дағдыланады.
7. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.
8. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.
9. Оқушылар өз ойымен, іс-тәжірибесімен, пікірлермен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
10. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық, жасқанбай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді.

Нәтижесінде:

оқушы еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді;

жұппен, топпен жұмыс істей отырып, бірін-бірі сыйлауға, шешімі табылмай жатқан мәселені ақылдасып шешуге ұмтылады;

бірін-бірі оқытуға және дамытуға үйренеді;

жағымды қарым-қатынасқа бейімделеді;

ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады.