ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас орындаушылардың музыкалық фестивалі
02-06-2020 10:04
Жас орындаушылардың музыкалық фестивалі

«Болашақтың музыкалық әлемі» жобасы аясында Павлодар қаласының балалар музыка мектебінде 2020 жылдың 1 маусымында «Мәңгілік елдің мәңгілік сарыны» ІІІ фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Жоба «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында қашықтықтан іске асырылады. Фестивальдің мақсаты - талантты балаларды қолдау, Қазақстан халқының тарихын, мәдениетін, дәстүрін білу.

Фестивальдің ашылуына мектептің 26 оқушысы қатысты. Олардың орындауында Р. Омаровтың «Жастық шақ», А. Жұбановтың «Қарлығаш», Ақан серінің «Қараторгай», Сейтек «Тойбастар», Б. Бекмұханбет «Алтыныма», Ш. Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» туындылары, қазақ халық әндері тақырыптарында попуррилері орындалды. Әртүрлі аспаптардың дыбысталуының арқасында бұрыннан таныс әуендер жаңаша орындалды.

«Мелодия души» І Халықаралық шығармашылық конкурсының (2020 жыл) лауреаты Осокина Аврораның орындауында «Менің Қазақстаным» әні,  «Жас Дарын» VII Халықаралық көпжанрлы балалар, жасөспірімдер және жастар өнер фестиваль-конкурсының (2019 жыл), «Мелодия души» І Халықаралық шығармашылық конкурсының (2020 жыл) лауреаты Қалел Рамазанның орындауында «Быть человеком» әні шырқалды, қорытындысында «Жас Дарын» VII Халықаралық көпжанрлы балалар, жасөспірімдер және жастар өнер фестиваль-конкурсының (2019 жыл) лауреаты «Bright» вокалдық ансамблі «Солнечный круг» әнін орындады.  Іс-шара фольклордың әртүрлі жанрларына қызығушылық танытуға, бірегей өнер туындыларын заманауи көрермендерге қызықты етуге мүмкіндік берді. Музыка мектебінің фестивалі 5 маусымға дейін жалғасады және гала-концертпен аяқталады.