Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің Чебоксары қаласының балалар көркемсурет мектебімен ынтымақтастық шеңберінде, мектебінің педагогі Ровенной Тамара Евстахиевнаның бастамасымен Павлодар мектебінің 17 оқушысы Э. М. Юрьев атындағы халықаралық байқауға қатысты. Биыл байқау Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналды.
Байқаудың қорытындысы бойынша Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің 9 жасар оқушысы Арызмағамбетова Лиана II орынға ие болды, жетекшісі Илларионова Лариса Борисовна. Байқауға ол аққағазға басылған гуашь бояуларында орындалған «Менің арғыатам майдангер» атты суретті жіберді. Лиана өте талантты бала, жарқын түстермен сурет салуды ұнатады, бимен айналысады.
10 жыл бойы мектептер арасында бірқатар іс-шаралар өткізілді: сәндік-қолданбалы өнер, кескіндеме және сурет көрмелері, түрлі конкурстар, кездесулер, мастер-класстар. Дәстүрлі іс-шаралардың бірі мектеп оқушыларының 2 елдің байқауларына қатысуы болып табылады. Жылсайын Чебоксары қаласындағы көркемсурет мектебінің оқушылары Павлодар қаласында өткен «Ақ бота» халықаралық байқауына қатысады. «Мұндай ынтымақтастық екі мектептің балалары мен педагогтары үшін бағажетпес тәжірибе болып табылады. Дегенмен, бір бағыт, бір сала, бірақ бір-бірінен үйренетін нәрсе бар», - дейді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Масленникова Инна Владиславовна.