2020 жылы 2 қазанда сағат 11.00-де онлайн тәртіпте Zoom платформасында «Менің кіші Отаным» IІI республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңі өткізіледі. Тарих бойынша конкурсқа Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 9-10 сыныптың оқушылары қатысады.Мақсаты - туған елінің тарихына қызығушылығын танытқан, талантты оқушыларды айқындау.
Конкурс екі турда өткізіледі:
І тур - Қазақстан тарихының сұрақтары бойынша тестілеу.
ІІ тур - 4 номинация бойынша:
«История моей малой Родины» номинациясында оқушылар өзінің тұрған жерінің тарихын бейне – репортаж, таныстыру форматында ашу керек.
«Символ малой Родины» номинациясында, оқушылар бейне,таныстыру форматында кіші Отанына сүйіспеншілігі туралы баяндайды.
«Будущее моей малой Родины» номинациясында, таныстыру форматында өтеді.
«Мой родной край» номинациясында, оқушылар өзінің тұрған жері туралы эссе жазады.
Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломымен марапатталады. Конкурс қорытындысы бойынша I орын алған 4 қатысушы қазан айында конкурстың облыстық турына қатысады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі