Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Слеттегі туристік экспедициялық отрядтардың кездесуі
30-09-2020 09:14
Слеттегі туристік экспедициялық отрядтардың кездесуі

       Павлодар қаласыбілім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы туристік экспедициялық жасақтар арасында «Менің Отаным - Қазақстан» республикалық слетінің қалалық қашықтық кезеңін өткізді. Мақсаты - патриоттық және азаматтық сезімді, салауатты өмір салтын тәрбиелеу, балалар экспедициялық отрядтарының туристік қызметін қолдау.

         Слетке № 7, 36, 39, 40 ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ, экология және туризм орталығының туристік клубтары, қаланың «СЮТур» балалар аула клубының экспедициялық жасақтарының 90-нан астам оқушылары қатысты.

    Слет бағдарламасының шарттары бойынша қатысушылар туристік экспедициялық маршруттардың «Туған өлке тарихы» презентациясын, виртуалды саяхатты, өлкетану зерттеу жобаларын, экологиялық экспедицияларды қорғауды өткізді, бард әндер сайысына қатысты, жорықта зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларын көрсетті.

Слет қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте I орынды экология және туризм орталығының командасы, II орынды 40 ЖОМ командасы, III орынды Кенжекөл ЖОМ командасы иеленді. I орын алған жасақтар «Экологиялық соқпақ»аталымы бойынша № 36 ЖОМ, «Туған өлке соқпақтары» (№ 7 ЖОМ), «Ең керемет туристік өлке» (экология және туризм орталығы), «Жорықта зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету» (№ 39 ЖОМ), «Туризм білгірлері» (СЮТур), «Бард ән байқауы» (Кенжекөл ЖОМ). Қатысушылар Павлодар қаласының білім беру бөлімінің грамотаcымен марапатталды.