Павлодар қаласы № 24 ЖОМ 2-сынып оқушысы Жиенбек Әлихан біліктілік разрядтары бойынша облыстық шахмат турнирінде 4-разрядта III орынға ие болды. Турнирді Павлодар қаласының шахмат академиясы ұйымдастырды.
Әлихан ағасының соңынан еріп Академия шахмат үйірмесіне барды. Жыл бойы түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Павлодар қаласының классикалық шахматтан «Күз - 2019» облыстық жарысында, классикалық шахматтан «Қыс - 2020» біліктілік турнирінде III орын алып, сертификаттармен марапатталды.
Әлиханның көптеген жоспарлары бар: «Мен жақында шахматқа әуестене бастадым, бірақ шахмат менің хоббиім екеніне сенімдімін». Мектепте Әлихан өте жақсы оқиды, математиканы жақсы көреді, іс-шараларға белсене қатысады, ол бәрін бірінші болып оқып, құрдастарына көмектескенді ұнатады.