ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық шахмат турнирінің жеңімпаздары
06-10-2020 11:29
Республикалық шахмат турнирінің жеңімпаздары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы 2020 жылғы 26 қыркүйекте қашықтық форматта онлайн-платформалардың көмегімен Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шахматтан оқушылардың Х жазғы қазақстандық гимназиадасын өткізді. Онлайн турнир 10 жасқа дейінгі және одан кіші, 14 жасқа дейінгі және 18 жасқа дейінгі жас топтарында өткізілді.

Павлодар облысынан 3 оқушы қатысты, оның ішінде № 9 ЖОМ 7 сынып оқушысы Малыгин Владислав, № 1 ЖОМ 9 сынып оқушысы Балмағамбетов Тимур. Турнир қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте облыс құрама командасы шахматтан І орын алды. Жеңімпаздар дене шынықтыру ұлттық ғылыми-практикалық орталығының дипломымен және медалімен марапатталады.

Жеке есепте Владислав пен Тимур өздерінің жас топтарында І орын алды. Владислав: «Турнир қысқа әрі қызықты болды. Партиялар күрделі болды, әр шешімді мұқият қарастыру қажет болды. Барлығы 3 минуттан 4 партия болды, олардың 3-ін мен жеңіп алдым, біреуі тең түсті» дейді.

Тимур: «Мен бұл турнирде жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымын. Өйткені Қазақстанның барлық облыстарынан үздік шахматшылар қатысты. Ойынның барлық партиялары өте қарапайым болмады, өйткені әр қатысушы өз аймағының намысын қорғауға тырысты. Шахматпен 3 жыл айналысамын. Осы кезеңде көптеген маңызды турнирлерге қатыстым. «Burabay Open», «Ertys Cup - 2020», «Unity Chees» республикалық турнирлерде жүлделі орынға ие болды. Маған «Шахматтан Қазақстан Республикасының спорт шеберінің кандидаты» атағы берілді дейді.