Сенім телефоны
8(7182) 32-04-03
email: sad122@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Академик Сәтбаев к-сі, 39
басшы: 8(7182) 32-04-03 есепші: 8(7182) 32-94-87 вахта: 8(7182) 32-04-16
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00-18.00
«ҰСТАЗДАР АЛАМАНЫ» интеллектуалды жобасы
17-03-2022 12:31
 «ҰСТАЗДАР АЛАМАНЫ» интеллектуалды жобасы

Павлодар облысы білім беруді дамытудың инновациялық орталығы ағымдағы жылдың 16 наурызын күні дарынды балаларға арналған Абай гимназиясында облысымыздың жас мамандарына арналған «ҰСТАЗДАР АЛАМАНЫ» интеллектуалды жобасының екінші кезеңін өткізді.
Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған жобада Усманова Дилафруз Кудайкуловна - Павлодар қаласы №122 мектепке дейінгі гимназиясы, Жеңіс Зарина Маратқызы – Павлодар қаласының №33 ЖОББМ, Ахметжанов Мақсат Муратович - Павлодар қаласының №2 орта білім беру мектебі, Айткеш Абай Арканбекұлы – Баянауыл ауданы С. Торайғыров атындағы ЖОББМ, Төлеу Ұлжан – Павлодар қаласы К. Мақпалеев атындағы ЖОББМ, Тастыбай Ақмарал Мәдиқызы – Павлодар қаласы №28 ЖОМ педагогтері бағын сынады.
Жоба шарты бойынша 5 кезең сынынан сүрінбей өтіп, жалпы ұпай саны бойынша ең жоғарғы көрсеткіш көрсеткен Павлодар қаласы №2 ЖОББМ педагогі М.М. Ахметжанов финалға жолдама алды, сондай-ақ, барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.