«КТА-2023» сайысы

Жас педагогтер арасында Кәсіпкерлер одағы ұйымдастырған «КТА-2023» сайысына «Павлодар қаласының №122 мектепке дейінгі гимназиясы» КМҚК атынан «Barbie Quzdar» командасы іріктеу кезеңіне қатысты. Сайысқа гимназия туын көтерген ақылына көркі сай, сұлу да шығармашыл педагогтеріміз Усманова Дилафруз Кудайкуловна, Турганбаева Құралай Жуматайқызы, Кусаинова Ажар Ерболовна, Хайрол Хосылған, Мазимшай Серікгүл Бөкенқызы, Имангалиева Камиля Рамазановна, Арман Хуралай болды. Педагогтеріміз өздерінің әзілге ұшқыр, әртістік қабілеттері дамыған, қазақ тілінде сөздік қоры мол, ойы ұшқыр екенін сахна төрінде паш етті. Педагогтерімізге сәттілік, әрдайым жеңістің биік тұғырында көрінуіне тілектеспіз!