"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына" арналған салтанатты жиналыс
15-12-2016 06:44
2016 жылғы 13 желтоқсаны күні балабақшамызда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай салтанатты жиналыс болып өтті. Жиналыста еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл, соның ішінде қол жеткізген толағай табыстары туралы балабақша басшысы Н.Н.Овчинникованың баяндамасы тыңдалды. Табысты және өз ісіне жауаптылығы үшін қызметкерлер мадақтау қағазымен марапатталды.