Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған мәнерлеп оқу сайысы
02-12-2016 05:05
30 қараша күні біздің балабақшада Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 4-тен 7-жасқа дейінгі балалар қатысты. Балалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тақпақтар оқыды. Кішкентай жастарына қарамастан, балалар, шығарманың мазмұнын, Отанға деген махабббаттарын жеткізуге тырысты. Ерекше мәнерлеп оқығандар І, ІІ, ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттар алды. Сайысқа қатысқан және тамашалаған балалар мен педагогтар жақсы көніл-күй мен эмоция алды.