"8-Наурыз халықаралық әйелдер күніне" арналған ертеңгіліктер өтті
02-03-2016 08:56
Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.Бүгін бақшамыздың 2 сәбилер топтары мен естияр "А" тобының аналарға арналған мерекелік шараларымыз өтті. Құлпырып келген кішкентай бүлдіршіндеріміз аналары мен әжелеріне арналған өлең-шумақтарын айтып, аналарымен бірге ойын ойнады. Оларға қонаққы күннің көзі келіп,балалармен бірге ата-аналарды құттықтады. Шараның соңында балалар өздерінің аналарына арнап жасаған сыйлықтарын тарту етті. Қуаныштан көз жасын тия алмай қалған ата-аналар,қол соғып,балаларына ыстық лебіздерін білдірді.Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті, жан аналар!