Алтын күз
![Алтын күз](/media/img/blogs/61840c396f20a.jpg)
Біздің балабақшаның барлық топтарында 15 - 28 қазан аралығында «Алтын күз» атты ойын-сауық өтті. Іс-шара барысында балалар ән салып, би билеп, ойын ойнап қана қоймай, басты кейіпкерлердің күз тақырыбына қатысты сұрақтарына жауап берді. Осындай іс-шаралардағы ойындарда балалар адамгершілік қасиет деңгейін арттырып, экологиялық ұғымдарын дамытып, табиғат құндылығы туралы білімдерін арттырады.
Сары алтындай сары күз,
Қамбадағы дәніміз.
Шелек-шелек балымыз,
Ағыл-тегіл ағымыз.