15 қарашада естияр «Б» тобының тәрбиешісі Л.Г.Прокошева балабақша педагогтары үшін «Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс барысында мнемотехниканы қолдану» атты кеңес өткізді. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың тақпақ айту, әңгіме құрау барысында кездесетін проблемалары және балалар қандай себептермен оны орындағысы келмейтіндіктері туралы айтты. Осы проблеманың өзектілігі Людмила Геннадьевнаны жаңа ойлар мен технологияларды іздеуге ынталандырды. Өз тәжірибесімен бөлісті. Ол ойын формасында әңгіме құру үшін сызбалармен тактильді жаттығу құрылғыларын, әртүрлі затты-сызба модельдерін, коллаждар, блок-шаршылар көрсетті. Осының бәрі сөздік қорды, есте сақтауды, бейнелі ойлау мен логиканы дамытатын мнемотехника деп аталады.