«Әке, ана және мен – спорттық отбасы»
Спорттық мерекелер - бұл үнемі шаттық, құмарлық, жеңіс қуанышы. Ал осы спорттық мерекелерге ата-аналармен бірге кейде атасы мен әжесі қатысса, нағыз отбасылық мерекеге айналады. Мереке барысында қатысушылардың барлығы өз қабілеттерін көрсете алады. Біздің №86 балабақшада денешынықтыру нұсқаушысы Е.Н.Киршинаның жетекшілігімен «Әке, ана және мен – спорттық отбасы» атты спорт мерекесі өтті. Көрермендердің көңілін көтеру үшін сайқымазақ Клякса музыкалық жаттығу өткізді. Мереке соңында командаларға дипломдар мен сыйлыққа ойындар табысталды.
![image-6](/media/img/blogs/728685303.jpg)