Телефон доверия
32-30-51
email: raduga96pvl@mail.ru
Адрес: Лермонтов к-сі, 97
32-73-06.32-33-86
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
часы работы: с 9.00 до 18.00, перерыв на обед: с 13.00 до 14.00 прием граждан: среда - с 16.00 до 19.00, пятница -с 8.00 до 11.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Біздің орталығымызда күзгі мерекелер тойланды
01-11-2011 06:50
Біздің орталығымызда күзгі мерекелер тойланды

Мектеп жасына дейінгі кіші топ балалары ғажайып күзгі орманға саяхат жасап, мейірлі  Ақ түсті саңырауқұлақпен, көңілді  Шыбынжұттармен кездесті.  Сәбилер би этюдтарын рахаттана орындап, күз ғажайыптары жайлы тақпақтар айтып ән салды.

Естияр топ балалары «Күлегеш» атты қиял –ғажайып бу машинасында  түрлі станцияларды шарлап саяхат жасады. Әр аялдамада оларды ғажайып түрлендірулер, көңілді ойындар күтті, ал «Күзгі» аялдамада оларды Сиқыршы Күздің дәл өзі қарсы алды. О балаларды әрине күзгі сыйлықтармен қуантты.

Ересек және даярлық топ балалары апалы- сіңлілі Маша мен Дуняның үйінде қонақ болды.  Балалар оларға бақшадағы күзгі жұмыстарды бітіруге жәрдемдесті. Жемістер мен көкөністер өнімдерін көңілдене жинап, балалар қазақ пен ағылшын тілдерінен лексикалық тақырыптар бойынша жақсы білімдерін көрсетті. Күз келісімен тартымды да  әсем күзгі хоровод биі басталды. Сиқыршы Күз балаларды олардың сүйікті кейіпкерлерімен кездестіріп көңілдерін көтерді. Мереке барысында балалар үш тілде тақпақ айтып ән салды, музыкалық ойындарға қатысты. Ал мереке соңында Күз барлық балаларды тәтті алмалар мен бәліштерін сыйлады. Осындай мерекелер балаларға өз мүмкіндіктерін іске асыруға, шығармашылық жағынан дамып ашылуға, жағымды эмоцияларын тарқатуға мүмкіндік береді.