Сенім телефоны
8(7182) 20-10-11
email: sad50@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ломов көшесі 149/1 үй
басшы - 8(7182) 201011, жалпы - 8(7182) 222707, бухгалтерия 8(7182) 220077
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі -сағат 15.00- 18.00 дейін.
Ұлттық тәрбие!
16-03-2012 05:47
Ұлттық тәрбие!

Әр халықтың тәлім-тәрбие мұрасы – бұл ұлттық мәдениеттің бір бөлігі. Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан халқымыздың озық тәжірибесі, тәрбиелік маңызы зор әдет-ғұрып, салт-дәстүрі ұлттық сана сезімді оятып қалыптастырады.  Әсіресе, мектеп жасына дейінгі кездегі ұлттық тәрбие, баланың тұлға ретінде қалыптасуында үлкен маңызға ие.

Наурыз мейрамына орай № 50 балабақша тәрбиеленушілеріне Б.Жырау атындағы әдебиет-өнер мұражайының ғылыми қыметкері, әдіскер Мейрамғали Қайроллаұлы Есмұханов ұлттық аспаптар мен қол өнер туындыларының көрмесін ұйымдастырып өткізді. М. Қайроллаұлы балаларды ұлттық аспаптармен: домбыра, шаңқобыз, қобыз, сазсырнай  аспаптарымен таныстырып, кейбір балалар әндерін осы аспаптарда ойнап берді. Сонымен қатар, ұлттық қол өнер туындыларымен де таныстырып, адам өмірінде қаншалықты пайдалы екенін көрнекі түрде түсіндірді.

Осындай іс-шаралар балалардың рухани дамуына, мәдениетті орындарға баруға ықпал етеді.

 

Тәрбиеші: С.Ғ. Мадина