Әр халықтың тәлім-тәрбие мұрасы – бұл ұлттық мәдениеттің бір бөлігі. Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан халқымыздың озық тәжірибесі, тәрбиелік маңызы зор әдет-ғұрып, салт-дәстүрі ұлттық сана сезімді оятып қалыптастырады. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі кездегі ұлттық тәрбие, баланың тұлға ретінде қалыптасуында үлкен маңызға ие.
Наурыз мейрамына орай № 50 балабақша тәрбиеленушілеріне Б.Жырау атындағы әдебиет-өнер мұражайының ғылыми қыметкері, әдіскер Мейрамғали Қайроллаұлы Есмұханов ұлттық аспаптар мен қол өнер туындыларының көрмесін ұйымдастырып өткізді. М. Қайроллаұлы балаларды ұлттық аспаптармен: домбыра, шаңқобыз, қобыз, сазсырнай аспаптарымен таныстырып, кейбір балалар әндерін осы аспаптарда ойнап берді. Сонымен қатар, ұлттық қол өнер туындыларымен де таныстырып, адам өмірінде қаншалықты пайдалы екенін көрнекі түрде түсіндірді.
Осындай іс-шаралар балалардың рухани дамуына, мәдениетті орындарға баруға ықпал етеді.
Тәрбиеші: С.Ғ. Мадина