Өз жұмыстарын бірлестік педагогтары : Г.Қ. Тақтамысова, Т.Н. Ханни, О.В. Клименко, Қ.Б. Қапасова, Н.Н. Клюшкина, Н.Ж. Степанюгина ұсынды.
Логопед Н.Ж. Степанюгина М. Монтессори әдістемесін ашып берді.
Монтессори педагогикасының негізгі принципі: баланы өз- өзін тәрбиелеуге, оқытуға, дамытуға ынталандыру. Әдіс ұраны көбіне белгілі: «Маған өзім істеуге көмектес». Монтессори топтарында балалар арнайы әзірленген қоршаған орта – Монтессори материалдары көмегімен өздігінен оқиды. Монтессори материалдарында өзін-өзі бақылау мүмкіндіктері қамтылған, бала өз қателіктерін өзі көріп, ересектердің оны көрсетуі керек емес. Мұғалім рөлі оқытуда емес, тек баланың өздік іс-әрекетін басқарудан құралады. Тағы бір монтессори педагогикасының басты ерекшелігі: балалар әр түрлі жас топтарында оқиды. Бір монтессори сыныбында 2 жастағы және 4-жастағы сәби қатарымен жұмыс істейді, олар бір-біріне кедергі жасамай, керісінше, бір-біріне көмектеседі.
Монтессори сыныбы өзіне көптеген зоналарды қамтиды:
Ақиқат өмірдің зонасы: балалар өздігінен киінуге, ауыстыруға және бір нәрсені құюға, жууға, тазалауға, араластыруға, қиюға, бояуға, сурет салуға және т.с.с іс-әрекеттерді жасауға үйренеді. Мұнда балалар зейінін тұрақтандыруға үйреніп, көлемді және кіші моториканы дамытады;
Сенсорлық даму зонасы: қоршаған ортаны зерттеу (биіктікті, ұзындықты, салмақты, түсін және заттың басқа да қасиеттерін ажырату). Мұнда, балалар затпен оның өлшемін, пішіні мен түсін зерттеп ойнайды. Мысалы, сәби үстелге ең үлкен цилиндрден ең кіші цилиндрге дейін қояды. Сонымен қатар, балалар көзбен солдан оңға қарай бақылауға үйренеді, бұл оларға оқуды меңгеруге көмектеседі;
Тіл, географиялық, математикалық, ғылым зоналары: бала ақыл-ойының дамуы.
Ұсынылған ойыншықтарды тес сабақта ғана емес, бос уақытта да қолдануға болады.
даярлық "Б" тобының тәрбиешісі О.В. Клименко