Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
"Қысқы қиялдар" 15-ші облыстық байқауы.
06-02-2021 15:54

2021 жылдың қаңтар айында Екібастұз қаласында өткен "Қысқы қиялдар"атты 15 облыстық байқауға балалар көркемсурет мектебінің 20 оқушысы қатысты. Балалар "Қаламыздың қыс мезгіліндегі сүйікті бұрыштары" тақырыбында суреттер салды. Жас дарындылар байқаудың жүлдегерлері атанды, атап айтқанда:1 орынды Дамира Базарбай, 10 жаста, "Туған үйдің жылуы" суреті үшін, жетекшісі Анна Валерьевна Аткина, 2 орынды Руслана Гарбузенко, 6 жаста, "Көрікті қыс" суреті үшін, жетекшісі Лариса Борисовна Илларионова, 3 орын- Дарина Абдулкаюмова, 12 жаста, "Мерекені күту" суреті үшін, жетекшісі Айгүл Орынбекқызы Хабылбекова, ал ынталандыру орындары - Жәмиля Табар, 13 жаста"Қысқы саябақта" жетекшісі Дамир Серикович Смыков, Софья Герасименко, 12 жаста, "Біздің аулада " суреті үшінберілді, жетекшісі Наталия Решетова.