Бейнелеу өнері және көркем еңбек мұғалімдеріне арналған семинар.
2021 жылғы 19 ақпанда Павлодар қаласының білім беру бөлімі мен Балалар көркемсурет мектебінің ұйымдастыруымен бейнелеу өнері және көркем еңбек мұғалімдеріне “Баянауыл петрогифтері негізінде бейнелеу өнері, көркем еңбек, СҚӨ және композиция сабақтарында стилдеудің инновациялық тәсілдері” тақырыбында семинарын өткізді. Семинардың мақсаты бейнелеу өнері ұстаздарының петроглифтер негізінде стильдендірілген композициялар құру процесінде бейнелеу шығармашылығындағы дәстүрлі емес техникалар туралы білімдерін жетілдіру, оқушылар мен ұстаздардың өлке тарихына деген қызығушылықтарын қалыптастыруға ықпал ету, сонымен қатар қаламыздың ұстаздары мен балаларын "Жанданған петроглифтер" жобасына қатысуға тарту.
70-тен астам семинар қатысушыларының назарына директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Инна Владиславна Масленникованың "Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытудағы стильдеу рөлі" және өнер тарихының қосымша білім беру ұстазы Тлеугайша Қайыржанқызы Шарипованың "Баянауыл петроглифтерінің тарихы туралы" баяндамалары ұсынылды. Практикалық бөлім "Бейнелеу өнеріндегі дәстүрлі емес әдістер. Петроглифтер негізінде стильдендірілген композиция жасау" тақырыбы бойынша БКМ суретші-ұстазы Лариса Алексеевна Кузнецованың шеберлік сыныбымен ұсынылды. Семинардың модераторы Маржан Қуандықова Қасенуалиева осы жобаның бірегейлігін атап өтіп, аталған іс-шараның қаланың барлық ұстаздары үшін маңыздылығын түсіндірді.
Семинар қонағы ретінде С. Торайғыров атындағы ПМУ педагогика ғылымдарының кандидаты Сәуле Ивановна Әбішева шақырылды. Сәуле Ивановна өз сөзінде: "Компьютерлік технологиялар қарқынды дамып келе жатқандықтан, балалардың ми қызметімен тікелей байланысты қол моторикасын дамыту қажеттілігі өзекті бола түседі. Әсіресе көркем еңбек, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің маңызы зор. Семинар әдістемелік жағынан білікті құрылған, семинардың жобасы мен тақырыбы жақсы ашылған. Ал шеберлік сыныптары өте ауқымды, мазмұнды, ұстаздар үшін пайдалы және шығармашылыққа арналған материалдары балалардың барлық санаттары үшін қолжетімді" – деп семинарға баға берді.