Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын, "Менің елімнің экологиясы" облыстық кіші жобаның, "Үнем-қоғам-қуат" кіші бадарламасын іске асыру шеңберінде.
22-02-2021 16:41

2021 жылдың 19 ақпанында Балалар көркемсурет мектебі, Балалар мен жасөспірімдер экология және туризм орталығымен бірлесіп Екібастұз қаласының жалпы білім беру мектептерінің 50 оқушысымен он-лайн кездесу өткізді. Кездесу Павлодар облысының экология мәселелерін талқылауға арналды. Павлодар облысы Білім басқармасының бастамасымен Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жоспарланған "Біздің айналамыздағы экология" атты жобасына арналған кездесулердің 1 кезеңі осылайша жол тапты. Бұл іс-шараның мақсаты: жас ұрпақты қоршаған табиғаттың тазалығына, табиғи ресурстардың тұтастығын сақтауға, айналасындағы, үйіндегі, ауласындағы, ауданындағы, қаласындағы тәртіпке жауапкершілікпен қарайтын сана сезімдерін жетілдіру болып табылады. Кездесу шеңберінде БЖЭТО-ның қосымша білім беру ұстазы Зарина Маратовна Жапарова оқушылармен "Туған өлкенің экологиясы" тақырыбында әңгімелеп, "Экология дегеніміз не?" викторинасы мен БЖЭТО-ның мұражайын он-лайн экскурсиясымен таныстырды.