Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бұқар жырау мұражайындағы тастағы таңбалар бойынша жұмыстар.
03-03-2021 15:59
Бұқар жырау мұражайындағы тастағы таңбалар бойынша жұмыстар.

    2021 жылдың 2 наурызында Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубы оқушыларының "Әлемге танылған өнер" атты жұмыстар көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл көрме, 2020 жылдың қыркүйегінде басталған "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша, мектептің "Жанданған петроглифтер" жобасы аясында өтуде. Қойылымға 30-ға жуық сурет пен 10 көлемді жануарлар бейнесі қойылған. Көрменің мақсаты - жұртшылықтың назарын өлкенің тарихына аудару, өскелең ұрпақты өз өлкесінің тарихының рухына сіңіру үшін оларды тәрбиелеу ісінде өнердің маңыздылығын көрсету; сондай-ақ ежелгі жартастағы суреттерді түсіну әдісін көрсету.

Көрменің ашылуына жас суретшілер, шығарма авторлары және олардың ата-аналары мен мұғалімдері: Лариса Алексеевна Кузнецова мнн Рейн Светлана Евгеньевна Рейн шақырылды. Оқушыларымыз Иван Кубасовтың "Өгіз", Жания Жүністің "Қасқыр", Карина Павлюктың "Ақбөкен" және "Тазы" деп аталатын Алина Иванованың жасаған жануарлардың көлемді бейнелері картон, сым, фольга, жіп, шыбық сияқты жұмыста пайдаланылған материалдардың өзгешелігімен ерекшеленеді. “Жануарлардың пішіндері "Көлемді пластик" техникасымен және сым қаңқа, фольга, папье-маше, картон және акрил бояуларын пайдалана отырып, радициналық емес техникада орындалған. Осы материалдарды қолдана отырып, жануарларды осы техникада орындаудың авторы-Балалар көркемсурет мектебінің мұғалімі Светлана Евгеньевна Рейн", - дейді БКМ басшысының орынбасары Инна Владиславовна Масленникова.

10 жастағы оқушыларымыз: Юлия Набиуллина, Валерия Белоцкая, Сафия Гафурова, Дария Серік, Алина Бекпаева, Тамина Курбанали, Мухамедамин Алипов, Маргарита Прилуцкаяның суреттері калий перманганатының көмегімен ерекше техникада жасалған, бұл жартастар бейнесінің белгілі бір әсеріне, сондай-ақ тушь немесе гуашь көмегімен қол жеткізуге көмектеседі.

Жобаны құру идеясы Баянауыл петроглифтерін (тастағы таңбалар) зерттеу негізінде пайда болған Л. Драверттің "Баян ауыл маңындағы, Жасыбай көліндегі Грот жазбасымен" атты ("Орыс Географиялық қоғамының Батыс - Сібір бөлімінің Известиясы", 1930ж. шығарылым) еңбегі мен В.К. Мерцтың "Алғашқы өнердің жаңа ескерткіші" ("Ертіс өңірі жұлдызы" № 65, 4 маусым 1998). және де басқа материалдарың негізінде пайда болды. Бұл жобаға біздің мектептің де, бүкіл қаланың оқушылары да қатыса алады. 25 ақпанда осы жобаға ат салысуға шақыра отырып, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің бейнелеу өнері және көркем еңбек ұстаздарына арналып, дәстүрлі емес техникасы бойынша шеберлік сағатын көрсетумен онлайн-семинар өткізілді.

Көрме 15 наурызға дейін жалғасады.