Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Тәжірибені жалпылау бойынша облыстық семинар
09-03-2021 15:12
Тәжірибені жалпылау бойынша облыстық семинар
     2021 жылғы 5 наурызда Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі Павлодар облысының қосымша білім беру ұстаздарына арналған "Қосымша білім беру ұстаздарының кәсіби құзыреттілігін арттыру құралы ретінде, педагогикалық тәжірбиені тарату" атты онлайн - семинарын өткізді. 70-тен астам қатысушы мектеп ұжымының педагогикалық тәжірибесімен танысты.           Олардың назарына Көркемсурет мектебі басшысының орынбасарлары Инна Владиславовна Масленникова мен Гүлнар Мергалимовна Мухаметкалинаның "Павлодар қ. Балалар көркемсурет мектебінің тәжірибесінен" және "Павлодар қ. Балалар көркемсурет мектебіндегі тәрбие жұмысы" баяндамалары ұсынылды. Өзінің "Дәстүрлі емес кескіндеме" шеберлік сабағы арқылы 1 санатты оқытушымыз Шамиль Ракымбекович Шушаев кез – келген композицияға өңделмеген акварель бояуларымен фон жасауды көрсетті. Ал Светлана Евгеньевна Рейн өзінің "Дәстүрлі емес материалдардан жасалған көлемді пластик" атты шеберлік сабағында "Көлемді пластик" техникасында жануарлардың стильдендірілген бейнелерін дайындаудағы жұмысымен бөлісті. Және басқа мектептен тыс ұйымдардан келген әріптестер осы техниканы өз балаларымен жұмыс барысында пайдалана алады. Педагогикалық қызметінің 35 жыл ішіндегі барлық жұмыс тәжірибесін мектебіміздің ұстазы Алтын Ибраевна Кисамиденова "Бейнелеу шығармашылығындағы инновациялық тәсілдер мен амалдар" шеберлік сабағында біріктірді. Ұстаз Дамир Серікұлы Смыков жүннен көбелекті қалай жасауға болатынын көрсете отыра, киіз басудың қыр-сырымен бөлісті. Семинар өте қызықты және ақпараттық жағынан мазмұнды болды және оған қатысқан ұстаздар тарапынан жақсы пікірлер айтылып, баға берілді. Көркемсурет мектебінің мұғалімдері осындай ауқымды іс-шараларды одан әрі ұйымдастыруға дайын және қуана-қуана іс-тәжірибелерімен бөлісетіндерін жеткізді.