Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Балабақшаларды жандандыру туралы байқаудаы балабақша тәрбиеленушілерінің суреттері
12-03-2021 14:11
Балабақшаларды жандандыру туралы байқаудаы балабақша тәрбиеленушілерінің суреттері

        2021 жылдың наурыз айында балалар көркемсурет мектебі 4-6 жас аралығындағы ең кішкентай суретшілер арасында "Мен әлемді бейнелеймін" атты балалар бейнелеу өнерінің облыстық байқауын өткізді.Байқаудың тақырыбы көкөністер мен жемістердің Дүниежүзілік жылына арналып, "Бақшалар туған жердің сұлулығын жандандырсын" деп аталды.Байқаудың мақсаты: балаларды табиғатты сақтауға және адам еңбегін құрметтеуге баулу. Балалар егін жинау және отырғызу, көкөністер мен жемістерден қысқы дайындықтар әзірлеу, көктемгі ағаштар мен басқа да өсімдіктердің гүлдену көріністерін әдемі бейнеледі.

     Байқауға Павлодар қаласы мен Павлодар облысының 50 балабақшасы мен шағын орталықтарынан 244 жұмыс қатысты, олар:Тереңкөл ауданы, Баянауыл ауданы, Ақтоғай ауданы, Павлодар ауданы, Аққулы ауданы, Успен ауданы, Железин ауданы, Қашыр ауданы. Қазылар алқасы 6 жүлделі орын және 20 ынталандыру орндарын анықтады. 1 орынды Павлодар қаласының №51 б/б тәрбиеленушісі Яна Быкова, жетекшісі Татьяна Кабдулаевна Алпспаева және Успенка ауданының "Балапан" б/б тәрбиеленушісі Лапин Алексей, жетекшісі Елена Валентиновна Кирьяченко иеленді. 2 орын Железин ауданы Лесной ЖОМ м/о тәрбиеленушісі Дамир Дюсеновке, жетекшісі Наталья Яковлевна Кожемякина, №96 балабақша тәрбиеленушісі Саида Тортаеваға берілді, жетекшісі Екатерина Александровна Одарчук.        3 орынға Песчанное ауылының "Балдырған" сәбилер-бақшасы тәрбиеленушісі Алишер Увалиев, жетекшісі Светлана Владимировна Чуйкова, Железинка ауылы "Светлячок" балабақшасының тәрбиеленушісі Айсана Жаналиденова ие болды, жетекшісі Гульмайра Ояновна Байгиреева.

      «Өзіндік ерекшелігі үшін» ынталандыру орындары мектепке дейінгі мекемелердің келесі тәрбиеленушілеріне берілді: Олег Болдырев, 5 жаста, Успенка ауылының «Балапан» б/б, Фариза Тұрғынбек, 6 жаста, Баянауыл ауылының З.Ақышев атындағы ЖОББМ, Амир Елимбаев, 5 жаста, Баянауыл ауданының Майқайын б/б, Айлана Нұрханова, 4 жаста, Кенжекөл ауылының №20 б/б, Екатерина Недоступ, 5 жаста, Ақкөл ауданы Ямышев ауылының «Болашақ» б/б, Айбибі Хабылғазы, 4 жаста, Заря селосының «Еркежан» с/б, Антонина Файзиева, 4 жаста, Павлодар ауданының Ольгин с/б, Атанияз Скаков, 4 жаста, Успен ауданының Павлов ЖОББМ «Мөлдір бұлақ» ш/о, Алина Горохова, 6 жаста, №3 б/б, Варвара Позднякова, 6 жаста, №82 с/б, Рамина Таймасова, 4 жаста, №51 с/б, Дамира Темірхан, 4 жаста, Аяжан Давлятчина, 4 жаста, №1 б/б, Ерхан Серік, 6 жаста, №44 б/б, Мария Музыка, 6 жаста, Павлодар қ. №14 б/б, Ерке Жолдыбай, 4 жаста, Федоров ЖОМ "Бөбек" ш/о, Владимир Жарников, 6 жаста, Октябрьская ЖОМ, Севиль Долханова, 4 жаста, "Балдырған" с/б, Песчаное селосы Тереңкөл ауданы, Давид Вагнер, 5 жаста, Мария Василевич, 4 жаста, Железинка кентіні "Светлячок" б/б.