Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Линогравюра бойынша жұмыстар көрмесі
14-04-2021 13:35
Линогравюра бойынша жұмыстар көрмесі
Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубының құрылымдық бөлімшесінде 4-5 сынып оқушыларының кескіндемелік графика және линогравюра бойынша жұмыстар көрмесі өтуде. Линогравюра техникасы графика бөліміндегі ең жоғарғы баспаға жатады, орындалуы күрделі және қазіргі уақытта мектептерде өте сирек оқытылады. 
Балалар Татьяна Васильевна Ахметжанованың жетекшілігімен "Жануарлар мен құстар" тақырыбында жұмыстар орындады. Табиғаттың әсемдігімен, жануарлардың кербезділігімен және құстардың көркімен шабыттанған оқушылар өз жұмыстарында таңдалған бейненің талғампаздығы мен сипатын жеткізе алды. Көрмеде Әбен Дильназ, Әбілқасымов Абылайхан, Айтбаева Аяулым, Аманжол Дария, Бәкібаева Дариға, Берікбол Тамерлан, Биарстанова Анель, Ғайролла Адия, Исабекова Айша, Титченко Яна, Тыртықаева Алуаның жұмыстары ұсынылды.