2021 жылдың 26 ақпаны мен 30 сәуірі аралығында Қостанай қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Менің жерім-менің елім" атты жас суретшілердің облыстық байқауына, Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінен 30 оқушысы қатысты. Байқау, бейнелеу өнерінің түрлі номинациялары бойынша 3 жас категориясында өтті:1) 7-10 жас, 2)11-14 жас,3)15-17 жас. Байқауға Қостанай облысының барлық өңірлерінен және Қазақстан Республикасының Павлодар, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан сияқты 7 облыстарынан барлығы 203 жұмыс ұсынылды.
БКМ –нің 30 қатысушысының үшеуі жеңімпаз атанды-2 гран-при және бір I орын. Бірінші жас санатында, "Балалық шақ әлемі" номинациясы бойынша, гуашь техникасында орындалған "Менің балалық шағымның ойыншықтары" жұмысы үшін 10 жастағы Регина Даниленко гран-при иегері атанды, жетекшісі Лариса Борисовна Илларионова. Екінші жас санатында гран при, "Мен білетін Қазақстан" номинациясында акварель техникасында орындалған "Дастархан басында" жұмысы үшін 13 жастағы Александра Шарарова иеленді, жетекшісі Наталья Владимировна Решетова. "Туған өлкенің табиғаты" номинациясында 1 орынды акварель техникасында орындалған "Шуақты күн" жұмысы үшін 12 жастағы Карина Ауганбаева жеңіп алды, жетекшісі Анжелика Николаевна Бамбуляк.