Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қоғамның парасаттылығы туралы балалар суреттері
16-06-2021 11:30
Қоғамның парасаттылығы туралы балалар суреттері
 «Адал ұрпақ» жобасын іске асыру аясында «Жастар СӨС үшін» жастар қоғамдық бірлестігі 2021 жылдың 2-11 маусым аралығында «Ertis - аdaldyq аlańy жобалық кеңсесі және Павлодар қаласының білім беру бөлімімен бірлесіп барлық жастағы мектеп оқушылары арасында«Парасаттылық аллеясы» акциясын өткізді. Мақсаты – өскелең ұрпақ-мектеп оқушыларында парасатты мінез-құлықты, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру.
 
      Акция шарты бойынша 27 мектеп жанындағы лагерлердің 170 тен астам оқушылары «Адал еңбек-өмірдегі парасаттылық!» тақырыбында суреттер жіберді. Кейін ұйымдастырушылар суреттерді жинап, Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебіне орналастырды. Суреттер 15 маусымда көркемсурет мектеп аумағында қазылар алқасымен көорермендерге қарауға ыңғайлы етіліп, мектептің орталық кіре берісінің алдында аллея түрінде мольберттерге орналастырылды.
 
         Акцияға қатысушылар жеке және ұжымдық түрде орындалған жұмыстар ұсынды. Авторлар өз суреттерінде қоғамдағы парасаттылыққа деген көзқарастары мен түсініктері арқылы барынша тақырыпты ашты. "Балалар өз суреттерінде жастар мен жалпы аға буын үшін адал еңбектің үлгісін көрсете білді", - дейді балалар көркемсурет мектебінің басшысы Магзамова Ляйля Мукарамовна.