Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қала оқушылары домбыра күніне арналған байқауға домбыра жасады
25-06-2021 11:05
Қала оқушылары домбыра күніне арналған байқауға домбыра жасады

7 мамыр мен 16 маусым аралығында Балалар көркемсурет мектебі жалпы білім беретін мектептердің бейіндік лагерлері арасында домбыра күніне арналған "Домбыра – қазақ халқының мұрасы" қалалық байқауын өткізді. Байқау шарты бойынша қатысушылар ағаш, папье-маше, тастанды материалдарды пйдаланып қолдан жасалған домбыра жасау керек болды.

Байқауға қаламыздың №17,14,26,21,43,27, 28 және №16 мектеп-лицейі мен №9 ЖОББМ сегіз мектебінен 61 оқушы қатысты.

Байқаудың жеңімпаздары ағаштан әдемі ұлттық аспапты жасаған балалар болды, олар: №14 жалпы білім беретін мектептің командасы және №17 ЖОББМ оқушысы Оразалы Мұқұш, 14 жаста.

Байқаудың 2-ші орнын қазылар алқасы №17 ЖОББМ оқушысы АлиханТуғанбайға және №26 ЖОББМ оқушысы 12 жастағы Ризабек Жарылғаповқа берді.

3 орынды дипломға № 28 ЖОМ оқушылары Адият Бушанов,12 жас, Азим Бушанов,13 жас, сондай-ақ №21 ЖОМ оқушысы Шыңғыс Сапаргалиев,14 жас лайықты деп табылды.

Амир Амиргалинов, 8 жас, 43 ЖОББМ, №8 ЖОМ, Султан Баймуханов, 9 жас, №27 ЖОББМ, Әлимжан Желкамбаев, 9 жас, №27 ЖОББМ және №16 мектеп-лицейі оқушыларының ұжымдық жұмыстары мен № 9 ЖОББМ-нің оқушысы Ерлан Ильяс, 7 жас, ынталандыру дипломдармен марапатталды.

"Барлық қатысушылардың осы байқауға шығармашылықпен қарап, домбыраны сәндік-қолданбалы өнер заты ретінде дайындағаны бізді қатты қуантады. Адият Бушанов мата және өрнектер пайдаланып әдемі етіп безендірген, Чингиз Сапаргалиев пластикалық құбырды қолданған, ал Султан Баймуханов папье-машеден домбыра жасаған. № 14 және 17 мектеп оқушылары дәстүрлі түрде ағаштан музыкалық аспапты шебер орындаған. Сондай-ақ, біздің қаламызда домбыра жасау бойынша өз білімдерін оқушыларға дарыта алатын нағыз шеберлердің бар екенін түсіну қуанышты", - дейді қазылар алқасының мүшесі, Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінің Камзина көшесі,78 орналасқан құрылымдық бөлімшесінің домбыра сыныбы бойынша ұстазы, Шынар Серікқызы Әуелбекова.