Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Ядролық карусыз әлем - өскелең ұрпақтың көзімен
17-10-2021 19:54
Ядролық карусыз әлем - өскелең ұрпақтың көзімен
ҚР МСМ «Бозок» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы оқушылардың жаһандық антиядролық қозғалыстағы Қазақстанның рөлі туралы білімдерін кеңейту және тереңдету мақсатында 2021 жылдың 2 тамызы мен 6 қыркүйегі аралығында жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған «Ядролық карусыз әлем - өскелең ұрпақтың көзімен» атты республикалық қашықтық байқауын өткізді. Байқауға барлығы 226 оқушы қатысты. Байқау келесі номинациялар бойынша өтті: «Мен Әлем сөзін саламын!»- суреттер байқауы, «Ядролық қарусыз әлем»- анимациялық фильмдер байқауы, «Ядролық қарусыз әлем үшін» — эссе байқауы.
          Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі- ЮНЕСКО клубының 2 оқушысы осы байқауда «Мен Әлем сөзін саламын» номинациясы бойынша жүлдегер атанды. Вероника Горбатенко, 12 жаста, «Біз соғыссыз әлем үшін!», суреті үшін 1 орынға, жетекшісі Инна Масленникова, 15 жастағы Әлия Беген «Ашық аспан астында» суреті үшін 2 орынға ие болды, жетекшісі Степанко Раиса Петровна.
          «Менің суретімнің мақсаты жарқын керемет балалар әлемін түсіру болды, ал ересектер бұл суретке қарап, оны ешқандай жарылыстар мен бомбалармен бұзғысы келмеуі еді", - дейді Вероника.