Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қазақстан тәуелсіздігінің құрдасы-ұстаздың көркем өнер көрмесі
05-11-2021 09:38
Қазақстан тәуелсіздігінің құрдасы-ұстаздың көркем өнер көрмесі

 Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі- ЮНЕСКО клубының педагог-суретшісі Дамир Смыковтың "Туған жерім" - "Мой край" көркем өнер көрмесі, Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының "Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалында ұсынылды. Дамир Қазақстан тәуелсіздігінің құрдасы болып табылады және ол өзінің 30 жұмысын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнады. Ол еңбектерінде туған жерінің әдемі жерлерін, сондай-ақ атабабаларының салт-дәстүрлерін бейнелей отыра, өз еліне деген сүйіспеншілігін жеткізе білді. Көрмеде "Менің Павлодарым", "Көпестің үйі", "Бұқар жырау мұражайы" картиналарын көруге болады, онда автор туған қаласының сүйікті бұрыштарын сипаттаған. "Жүзім Натюрморты", "Раушан", "Бөтакөз" натюрморттары суретшінің түс реңктерінің нәзіктігі мен жұмсақ ауысуын жеткізе білу шеберлігін көрсетеді. Ал Баянауыл мен Бурабай таулары бейнеленген жұмыстар туған өлкенің сұлулығын бейнелейді. "Жайлаудағы балалық шақ" шығармасы автордың Семейде өткен балалық шағы туралы баяндайды. Барлық жұмыстар майлы бояулармен, акрилмен, қара қаламмен кескіндеме және графика техникасында орындалған. Дамир Серікұлы мектепте 10 жыл жұмыс істейді. Өте талантты және шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім. Суретші ретінде ол көрмелер мен байқауларға үнемі қатысып тұрады. "Менің Қазақстаным" бейнелеу өнері бойынша білім беру қызметкерлерінің облыстық шығармашылық байқауының (2018-2020 жылдар), "Педагогикалық идеялар" байқауы, "Үздік педагогикалық мақала" республикалық байқауының (2020 жыл) бірінші орын иегері болып табылады. 2021 жылдың қыркүйек-қазан айларында Омбы қаласында өткен "Бір өзен жағасында" халықаралық көрмесіне қатысты. Әр түрлі деңгейдегі байқауларда оқушылармен бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отырады. Тек соңғы 2 жылдың ішінде оның 10 оқушысы жүлделі орындарға ие болды: Амира Шакуова, 8 жаста, Алматыда өткен "The Planet of Art" халықаралық фестивалінде, Файзулла Кульмагамбетов, 15 жаста, "Балалар әлемді бейнелейді.Қазақстан" республикалық байқауында, Әйгерім Аманжолова, 8 жаста, Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында өткен "Қызыл кітап балалар көзімен" халықаралық балалар шығармашылығы байқауында лауреаты атанды, ал 9 жастағы Кира Трубина Польшаның Сосновец қаласында өткен "Другим взглядом" халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.