Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қыс туралы көркемөнер көрме
19-01-2022 18:50
Қыс туралы көркемөнер көрме
Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде «Қош келдің, қыс» атты көрме ашылды. Көрмеге 4-9 жастағы ең жас суретшілер мен мектептің «Кішкентай ел» бейнелеу өнері студиясының оқушыларының 57 жұмысы қойылды.
Бұл қысқы сурет көрмесінде жұмыстардың авторлары қыс және қысқа байланысты мерекелер туралы өз ойларын білдірді. Балалардың барлық жұмыстарын қысқы ойындар мен қысқа деген сүйіспеншіліктері біріктіреді. Олар әртүрлі дәстүрлі техникалар да  бейнеленген. Жұмыстар түрлі-түсті қарындаштармен, гуашь бояуларымен орындалған. 
Сонымен, гуашь бояуларымен орындалған Василиса Колесованың «Ормандағы қояндар»,  6 жаста, Эвелина Пуханың «Қысқы шыршалары», 8 жаста, суреттерінен қар жамылғысындағы қысқы орманды байқауға болады. Өзінің «Жаңа жыл» суретінде 8 жастағы Лена Королева отбасымен бірге жаңа жылдық мерекеге қалай дайындалып жатқанын графикалық материалдармен суреттеп берді. «Карнавал»,  «Жаңа жылдық карнавал», «Жаңа жылдық ғажайыптар» жұмыстарында София Ливанец, Ева Колесникова, Дарья Кривобокова, ал  «Аяз Ата мен Ақшақар», «Жаңа жылдық ертегі» суреттерінде Айша мен Жанель Кабылбекова (7-9 жас) әсерлі қысқы мереке туралы ойларын жеткізе білді. Настя Котованың «Қысқы ертегі», 5 жаста,  Шахрияр Шаматаевтың,  9 жаста, «Алақай, демалыс!» суреттерінде қысқы ойындар бейнеленген. 
Көрме 2022 жылдың қаңтар айы бойы жалғасын табады.