Ғажап қыс ашық түстермен
Қыста табиғат өзінің келбетін өзгертетіні белгілі, барлығы ақ түсті жамылғымен жабылады, жануарлар лыпаларын өзгертеді, айналадағылардың бәрі ертегідегідей болады. Нақ осы қыс-балалардың суреттері үшін жылдың ең сүйікті уақыты. Балалар өздерінің армандарын, тілектерін қағаз парағына нақтылайды, қиялдарын шындыққа айналдырғанды ұнатады. Олар қысты ашық түстермен бояйды-ашық көк аспанды, ақ қарды, шыршалардағы түрлі-түсті ойыншықтарды, жұмбақ, ертегі орманды, құстарды, жануарларды, аспаннан біздің иығымызға баяу түсетін кішкентай қар ұшқындарын, сондай-ақ жаңа жылдық оқиғалардың кейіпкерлерін. Ұстаз Екатерина Александровна Одарчуктың жетекшілігімен балалар көркемсурет мектебінің оқушылары II Халықаралық «Ғашап-қыс» онлайн-байқауына қатысты.
Томирис Мұнайдар «Терезедегі қыс» жұмысымен 1 дәрежелі лауреат, «Ертегі орман» жұмысымен Дильназ Бергенова Гран-при иегері, «Қысқы ертегі» жұмысымен Гүлназ Дауылбай Гран-при иегері және «Жаңа жылды күту» жұмысымен Аяна Аятова Гран-при иегерінің жеңімпаздары атанды. Қыздар өздерінің суреттері үшін әрқайсысының жанына жақын белгілі бір композицияларды таңдады, орындау техникасы гуашь пен қағаз болды. Осы ұсынылған жұмыстардың әрқайсысы өзінің ерекше сюжетін жеткізеді.
«Балалар сурет арқылы қыс мезгіліндегі өздерінің көңіл-күйлері мен табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін жеткізуге тырысты. Суреттердің дұрыс таңдалған түс схемасы қысқы ертегінің сұлулығына толықтай енуге мүмкіндік береді», - дейді Екатерина Александровна.