Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Павлодарлық балалардың жұмыстарындағы Қызыл кітап жануарлары
07-02-2022 09:11
Павлодарлық балалардың жұмыстарындағы Қызыл кітап жануарлары

2021 жылдың қыркүйек айында Ханты-Мансийск қаласында өткен «Қызыл кітап балалар көзімен» байқауында әлемнің 20 елінен 4000-ға жуық қатысушы болды. Байқау ЮНЕСКО қамқорлығымен 5-17 жас аралығындағы балалар арасында «Құтқарып қалу және сақтау» халықаралық акциясы аясында өтті. Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің 84 жас суретшісі өз жұмыстарын 2 номинация бойынша байқауға жіберді: «Графика», «Кескіндеме».

Байқау қорытындысы бойынша 2022 жылдың қаңтар айында Павлодар мектебінің 25 оқушысы үздік деп танылып, байқау лауреаттарының дипломдарымен марапатталды. Олардың жұмыстарының фотосуреттері қорытынды каталогқа енгізілді. Байқау экологиялық мәдениетке тәрбиелеуге және өскелең ұрпақтың Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктердің жойылып бара жатқан түрлерін сақтауға, ұқыпты қарауына арналды.

Солай, Василиса Форостьянова, 12 жаста, «Закаспий гепард, дала бадамы, қызғылт радиола» жұмысы үшін, Элеонора Калашникова, 14 жаста, «Бұғы мен табиғат» суретімен, Дана Елемесова, 9 жаста, «Ақ үкі» суреті үшін лауреаттар атанды, жұмыстар ашық гуашь бояуларымен орындалды. Айдана Бейсекееваның, 12 жаста, «Арқар», Жансая Нұржанованың, 10 жаста, «Барыс» атты акварель техникасында орындалған суреттерінде қарлы таулардың әдемі мекендеушілерін көрсетті.

Лауреаттар Тимур Имамагзам, 9 жаста, гуашьпен салған «Қарашақаз», Павел Береснев, 10 жаста, аралас техникадағы «Мәрмәр шүрегей», Анастасия Сивкова, 9 жаста, гуашь техникасындағы «Ақ кіс» атты жұмыстарын салған кезде сирек кездесетін құстарды, олардың өмір салтын зерттеді.

Анастасия Григораш, 11 жаста, өзінің «Яки» жұмысында түрлі-түсті қарындаштарды игеру шеберлігін көрсетті.

- Настя өте дарынды оқушы, түрлі техникада сурет салғанды ұнатады. 2020 жылы Мәскеуде өткен «Шексіз балалық шақ» халықаралық байқауының жеңімпазы болып табылады, - дейді педагог Светлана Евгеньевна Рейн.