Оқушыларымыз Азиза Бауыржан мен Ангелина Полянцеваның жеке көрмесі
![Оқушыларымыз Азиза Бауыржан мен Ангелина Полянцеваның жеке көрмесі](/media/img/blogs/6267c5e44f739.jpeg)
Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының бітіруші сынып оқушылары Азиза Бауыржан мен Ангелина Полянцеваның жеке көрмесі. Шығармашылықтың қуанышына толы 5 жылды екі жас суретші мектебімізде өзінің сүйікті ұстазы Рейн Светлана Евгеньевнамен сәтті өткізді. Көрермен назарына түрлі техникада орындалған қыздардың 30-ға жуық жұмысы ұсынылды.