Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Балалар графикалық суреттеріндегі ертегілер әлемі
13-05-2022 17:19
Балалар графикалық суреттеріндегі ертегілер әлемі

         Қазақстан Республикасындағы Балалар жылына арналған 10-шы облыстық графика байқауына Павлодар қаласы мен Павлодар облысының 12 білім беру мекемесінен 76 жұмыс қатысты.Олардың қатарында Есілбай ЖОМ, Ақтоғай БӨМ, Ертіс ауданының балалар шығармашылығы және бос уақытын қамту орталығы, Ертіс БӨМ, Екібастұз қ. БББУҚК «ART-ALEM» шығармашылық студиясы, Екібастұз қ. БКМ, Железин ауданының БӨМ, Аққулы ауданының БӨМ, Майқайын БӨМ, Баянауыл ауданы Жаяу Мұса атындағы БӨМ, Ақсу қ. БӨМ, Павлодар қ. БКМ.Байқау Балалар көркемсурет мектебінің жобаларының бірі болып табылады және облыстағы дарынды балаларды анықтап, сондай-ақ балаларды ынталандыру және бейнелеу өнерін насихаттау мақсатында өткізіледі.Қатысушылар «Біздің өмірдегі ертегі», «Балалар ертегілер әлеміне саяхат» тақырыптарында суреттер салды және мектебімізде мамыр айының соңына дейін жалғасатын суреттер көрмесі ашылды.

         34 қатысушы биылғы жылдың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды:     9 жүлделі орын: І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломаттар, 25 ынталандыру орындары.

        7 жастан 9 жасқа дейін: I дәрежелі дипломды Жасын Шакрат (Баянауыл, Жаяу Мұса атындағы БӨМ), II дәрежелі Диплом Айлин Исабекова (Павлодар қ. БКМ), ІІІ дәрежелі Варвара Цыганко (Павлодар қ. БКМ) диплом иеленді. 10-13 жас аралығы бойынша: 1-дәрежелі дипломмен Жанель Басепова (Павлодар қ. БКМ), 2-дәрежелі дипломмен Айсана Сейілбек (Баянауыл, Жаяу Мұса атындағы БӨМ), ІІІ дәрежелі дипломмен Антон Дерунов (Железин ауданының БӨМ), ал 14 жастан 17 жасқа дейін аралықта: 1-дәрежелі дипломмен Ясмина Левадная (Павлодар қ. БКМ), 2-дәрежелі дипломмен - Александра Дикова (Ақсу қ. БӨМ), III дәрежелі дипломмен - Салтанат Әбілқасенова (Екібастұз қ. БКМ) марапатталды.

      Ынталандыру орны үшін дипломдармен келесі оқушылар марапатталды: Кәусар Бөлкен, Әмина Хамидула, Айзере Нұрмұханова, Наргиза Серік, Мадина Садакова (Баянауыл, Жаяу Мұса атындағы БӨМ), Анастасия Пилщикова, Алтынбек Болатбеков, Анастасия Кукян, Виктория Хаткевич (Ақсу қ. БӨМ), Назирә Тотый (Есілбай ЖОМ), Томирис Саттарова, Диана Қожимова (Ертіс БӨМ), Назерке Жұмажан (Ақтоғай БӨМ), Дильназ Қалиева, Александра Огий, Айлин Мұхаметжанова, Ева Колесникова (Павлодар қ. БКМ), Аружан Бақыт (Аққулы ауд. БӨМ), Махаббат Қанатова (Ертіс өңірінің балалар шығармашылығын және бос уақытын қамту орталығы), Владислав Ярос (Екібастұз қ. БКМ), Наргиз Ахметова («Қайнар» БББУҚК «ART-ALEM» шығармашылық студиясы, Екібастұз қ.), Амина Тоқбатырова, Анастасия Шарубина, Камила Умарова (Железин ауд. БӨМ), Назгүл Егінтаева (Майқайын БӨМ).

        «Графика техникасы балалар үшін өте қызықты, өйткені оның көптеген түрлері бар және түрлі-түсті қарындаштар, фломастер, пастельдер, гель қаламдар сияқты әртүрлі материалдарды қолдануға болады. Сондықтан көптеген жас суретшілер сурет салу үшін графиканы таңдайды. Дәл осы себеппен бұл байқау құрылды», - дейді мектеп директоры Ляйля Мукарамовна Магзамова.