Павлодар қ. Білім беру бөлімінің Қазақстан балалары жылына арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде 2022 жылғы 3 маусымда № 1 ЖОМ-де бейнелеу өнері бойынша "FAMILY ART" шеберлік сабақтары өтті. Мақсаты-балалардың қызығушылықтары бойынша шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау, балалар шығармашылығын насихаттау, жазғы кезеңде ата-аналармен бірлесіп бос уақыттарын қамту. Ұйымдастырушысы - Балалар көркемсурет мектебімен, қаланың жалпы білім беретін мектептерімен бірлескен Павлодар қаласының білім беру бөлімі болып табылады.
Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің оқушылары мен мұғалімдері қатысушылармен пленерді «Сәндік түйе» – графикамен жұмыс, акварельмен жұмыс, «Киіз үй» – акварельмен, білтемен жұмыс, «Күзгі пейзаж» – сюжетті жұмыс, акварель, тұз, «Қызғалдақтар» - акварельмен жұмыс, «Су асты әлемі» - акварельмен жұмыс, маркермен, 5 бағыт бойынша өткізді. Қаланың мектеп оқушылары мен ата-аналарын қосқанда жалпы саны 100-ден астам адамды құрады.
Шеберлік сабағымыз «Ұстаз-оқушы» және «Ата-ана-бала» форматында өтіп жатыр, өйткені біз үлкендер мен балалар арасындағы бірлескен шығармашылықтың маңыздылығын, ұрпақтар сабақтастығын көрсеткіміз келді. Ата-аналар мен балалардың бірлескен туындысы балаларға әртүрлі психологиялық кедергілерді жеңуге көмектеседі, балалар мен ата-аналарға көптеген жақсы жағымды эмоциялар әкеледі және олар үшін оқу қуаныш. Егер де ата-анасы үнемі балаларымен бірге болса, – дейді БКМ басшысы Ляйля Мукарамовна Магзамова, көркемсурет мектебінің меңгерушісі.
Көркем суретті орындау барысында оқушылар ата-аналарымен шығармашылық қабілеттерін көрсетті, тұз қосылған акварель, сия және сабын сияқты әртүрлі материалдармен жұмысты көркем орындау дағдыларын қалыптастырды.
Іс-шарада көркемсурет мектебінің оқушылары да «Бірлескен шығармашылық» көрмесіне өз туындыларын ұсынды. Жұмыстардың авторлары, республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері гуашь бояуымен жұмыс жасау, акварель техникасында сурет салу технологиясымен таныстырып, өздерінің жетістіктерімен және бейнелеу өнері бойынша білімдерімен бөлісті.
– Мен акварель техникасын алғаш рет ұстаз Светлана Владимировна Кравченкодан үйрендім, – дейді балалар көркемсурет мектебінің 2-сынып оқушысы Роман Осипов, және ол маған көркемсурет мектебіне баруға кеңес берді.Енді міне, екінші жыл бойы мен бейнелеу өнерінің алфавитімен қуана танысудамын, және мұғалім Светлана Евгеньевна Рейнмен бірге түрлі байқауларға қатысамын.