Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Ұлттық домбыра күніне арналған «Дала әуендері» қалалық іс-шарасы
24-07-2022 13:22
Ұлттық домбыра күніне арналған «Дала әуендері» қалалық іс-шарасы
Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы білім бөлімімен бірлесіп, бүгін, 2022 жылдың 30 маусымында Ұлттық домбыра күніне арналған «Дала әуендері» қалалық іс-шарасын өткізді. Шараның мақсаты – қазақтың халық аспабы – домбыраға деген қызығушылық пен құрметті арттыру.
 
       Оның бағдарламасында, балаларға арналған балалар көркемсурет мектебі мұғалімдерінің домбыраның суретін салу бойынша шеберлік сабақтары, сондай-ақ 7-16 жас аралығындағы балалар арасындағы «Дала әуендері» қалалық сурет байқауының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі бар.
 
        Байқауға қатысушылардың салған суреттері әр баланың өз түсінігі бойынша осы тақырыпқа деген көзқарасын көрсетеді: бұлар – күймен асқақтатылған шексіз далалар мен биік таулар, бұл – домбыра көрінісінің бейнесі. Қалалық балалар суреті байқауына Павлодар қаласының 11 орта мектебінен 34 жұмыс қатысты. Қазылар алқасы 9 жүлделі орынды анықтады.
 
      1 орынды 7-9 жас аралығындағы оқушылар: Кристина Тимофеева, 10-12 жас санатында: Сафина Низамутдинова, 13-16 жас санатында: Виктория Правдивец жеңіп алды.
 
      2 орын келесі жас өнерпаздарға берілді: 7-9 жас аралығында: Адина Сағынтаеваға, 10-12 жас аралығында: Назым Келденге, 13-16 жас аралығында: Камиля Абитоваға.
 
      3 орын келесі оқушылар арасында бөлінді: 7-9 жас аралығы бойынша: Данель Набиева, Алимжан Сәрсембай, 10-12 жас аралығында: Алдияр Кенжекей.
 
      Көркемсурет мектебінің ұстаздары Татьяна Васильевна Ахметжанова, Валентина Петровна Степанко, Алтын Бауыржанқызы Атееваның жетекшілік еткен шеберлік сабақтарында балалар аналарымен бірге түрлі бейнелеу техникасын пайдалана отырып, домбыраның әдемі бейнелерін салды.